Премьер-Министр Олжас Бектенов Эркин Туниазбен кездесті
АСТАНА. KAZINFORM - Премьер-Министр Олжас Бектенов «ҚР-ҚХР сауда қатынастарын дамытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбындағы экспорттаушылардың екінші форумына қатысу үшін Астанаға келген ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниазбен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.