Былтыр TikTok қазақстандықтардың 4,2 миллионнан астам видеосын жойып жіберді
АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылы TikTok әлеуметтік желісінің әкімшілігі қазақстандық қолданушылардың 4,2 миллионнан астам видеосын жойып жіберген. Компания басшылығы бұған қоғамдастық ережелерінің бұзылуы себеп болғанын алға тартып отыр.