Көркем сахна
Театр - мәдениет ошағы, танымы кең өнер ордасы екені бәрімізге белгілі. Қыстың ызғарлы ауа-райынан құтылып, көктемнің жайма шуақ кезеңінде тынығатын таптырмас орын. Елімізге белгілі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры әлемдік және қазақы шығармаларды сахналап келе жатқан руханияты бай, тарихы терең ұжым. Қазақ әдебиетінің дүлдүл өкілі Әзілхан Нұршайықов атамыздың ең танымал шығармаларының бірі "Махаббат, қызық мол жылдар" спектакльі осы театрда көркем сахналанады.
Мейқұл Күнсұлу Мұратқызы
Театр - мәдениет ошағы, танымы кең өнер ордасы екені бәрімізге белгілі. Қыстың ызғарлы ауа-райынан құтылып, көктемнің жайма шуақ кезеңінде тынығатын таптырмас орын. Елімізге белгілі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры әлемдік және қазақы шығармаларды сахналап келе жатқан руханияты бай, тарихы терең ұжым. Қазақ әдебиетінің дүлдүл өкілі Әзілхан Нұршайықовтың ең танымал шығармаларының бірі "Махаббат, қызық мол жылдар" спектакльі осы театрда көркем сахналанады. Сонау жетпісінші жылдардан бастап қызығын жоғалтпай, өткен ғасырда-ақ өз көрермендерінің жүрегін жаулаған. Тіпті, қазақ жастарының арасында бұл шығарманы оқымаған, білмейтін жан кемде кем шығар. Бірақ дәл осы шығарманы оқып қана қоймай, үздік сахнада көрген ерекше.Мәдени тынығу...