Ел бірлігіне ұйытқы болған – «Егемен Қазақстан»
«Егемен Қазақстан» – қазақ баспасөзінің бабасы «Қазақ» газетінің ұрпағы. «Егемен Қазақстан» елдіктің мінбері. Мемлекетіміздің іргетасының қалана бастауынан бүгінге дейін жұрттың ой-санасын, ұлттық дүниетанымын қалыптастырған, тәуелсіздігіміздің жауапкершілігі туралы ойландырған, еліміздің бірлігіне ұйытқы болған бірден-бір басылым – «Егемен Қазақстан».
Ғасырлық тарихы бар республикалық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті тұңғыш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді.
Сол кездегі газет төңірегіндегі топтасқандарға назар аударсақ, арасында аттары бүкіл алаш жұртына айбын болған, бесікте жатқан қызыл қарын жас баланың қамы үшін, қазақ дейтін маңдайының соры қалың елдің ертеңі үшін жандарын шүберекке түйіп, отқа, суға түскен жақсылар мен жайсаңдардың, халқымыздың аяулы арыстарының барын көреміз.
Жан – жүректерімен, күллі ой – саналарымен уақыт тынысын дәл ұғып отаршылдық ойранына қандары қас екенін қаймықпай айтқан осынау ұлы перзенттерінің дені әр жылдары газетке тікелей басшылық жасаса, көбі қолдарына қалам алып, ұрпақ тәрбиесіне...