Сенегалдағы президент сайлауында ең жас кандидат жеңіске жетті
ДАКАР. KAZINFORM – Сенегалдағы президент сайлауында оппозициялық коалицияның кандидаты Бассиру Диомайе Фай жеңіске жетті. Оған мемлекеттегі Ұлттық дауыс беру комиссиясының сәрсенбіде жариялаған нәтижелері дәлел. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.