БҚО-да мыңға жуық адам су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарға төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және Ішкі істер министрлігінен 998 адам (300 техника, 124 мотопомпа) жұмылдырылды.