Қызылорданың Тасбөгет кентінде жоғары қысымды газ желісінде ақау тіркелді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында бүгін Тасбөгет кентінің кіреберісіндегі жоғары қысымды газ желісінде ақау болды. Салдарынан ақау шыққан аумақтағы тұтынушылар газдан ажыратылды.