Қызылордада «Елбасының ұстанымдары - өңірдің педагогикалық даму белесінде» тақырыбында рухани сұхбат өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледжде ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Елбасының ұстанымдары - өңірдің педагогикалық даму белесінде» тақырыбында «Қазақстанның педагогикалық бесігі» атты кітаптың желісі бойынша рухани сұхбат алаңында өңірдің белгілі ғалымдары, басқармалар өкілдері мен отыздан аса колледждің басшылары кездесті.