Су тасқыны Ұлыбританияны сарсаңға салды
ЛОНДОН. KAZINFORM — Британ ғалымдары Тұманды Альбиондағы су тасқындары үйреншікті құбылысқа айналуы мүмкін деп ескертеді. Елдегі дүлей дауылдар кезінде жиі болатын жауын-шашын өзендерді толтырып, қауіп төндіре береді-міс. Оған төтеп беру үшін Ұлыбританиядағы инфрақұрылымдарды нығайту керек, деп хабарлайды Kazinform-ның осы елдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Қараманұлы.