Табиғат жанашыры "Қызыл кітаптың" қазіргі ахуалы қандай?
Қызыл кітаптың қазіргі жағдайы туралы
Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітап” — халықаралық дәрежедегі құжаттарының бірі. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, айырықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды.
Елімізде табиғатты қорғау – өте өзекті мәселенің бірі. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан жабайы омыртқалылардың 87 түрі және өсімдіктердің 303 түрі, сонымен қатар қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Соңғы жүзжылдықта жер бетінде жан-жануар мен өсімдіктердің жойылуы қарқын алып барады. Жойылудың аз-ақ алдында тұрған...