Париж Олимпиадасына арналған киім формасының дизайнына жаңа конкурс жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» Париждегі жазғы Олимпиадаға арналған Қазақстан Ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурс қайтадан жарияланғанын хабарлады.