Ардагер ұстаз Уахит Хамзаұлы Шәлекенов (1924-2020 жж.)
Мақалада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ардагер ұстазы У.Х.Шәлекеновтың (1924-2020 жж.) өмірі мен қызметі қарастырылады.
Биылғы 2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің негізі қаланғанына 90 жыл толып отыр. Осы орайда университеттегі тарих факультетінің дамуына үлкен үлес қосқан ардақты ұстаз Уахит Хамзаұлы Шәлекеновтың өмірі мен қызметіне тоқталып өтпекпіз.
Уахит Хамзаұлы Шәлекенов – этнограф, археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор. 1924 ж. 12 мамырда Астрахань облысы, Қарабайлы ауданы, Серікті ауылында дүниеге келген. 1938 ж. Қарақалпақстанның Мойнақ ауданына отбасымен қоныс аударады. У.Х.Шәлекеновтың ғылым жолына түсуіне үлкен әпкесі Кабира Хамзақызының үлкен ықпалы тиген. Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Кабира Хамзақызы ұзақ жылдар бойы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында биология пәнінен дәріс оқыған.
1942 ж. 18 жастағы бозбала...