Ұлттық мәдениет
Әр ұлттың мәдениеті сол ұлт өкілдерінің тұрмыс-тіршілігінен, тарихынан, тілінен, салт-дәстүрінен, әдебиетінен, өнерінен айқын көрінеді. Мысалы, қазақ халқымыздың айнасы болған ұлттық мәдениеттің басты факторлары – халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары мен киімдері және әшекейлері, ұлттық ойындар мен аспаптары секілді маңызды ұғымдарды қамтиды. Солардың бірнешеуіне тоқталғым келеді.
Салт-дәстүр – қазына. Кеңпейіл қазақ халқының ата-бабасынан қан арқылы ұрпағына беріліп, бар ұлттың ерекше сый-құрметіне бөленіп келе жатқан ізгі дәстүрі, асыл қасиеті – қонақжайлылық. Оны кейбір дінтанушы адамдар әулие адамдардың алтыншы қасиетіне де балайды. «Құдайым, би қылмасаң да би түсетін үй қыл!» - деп бабаларымыздың Жаратқан Иемізге жалбарынуы сірә, сол себепті де шығар....