Еліміздегі 16 санаторий су тасқынынан зардап шеккендерді тегін қабылдайды
АСТАНА. KAZINFORM – Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты су тасқынынан зардап шеккендерді тегін қабылдайтын санаторийлер бөлді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева айтып берді.