Ел аумағында рұқсат етілген пестицидтер тізімінде аса қауіптісі бар
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстанда субсидияланған пестицидтер тізімінде аса қауіптісі бар. Бұл туралы Алматыда өткен Орталық Азия елдерінде жасыл ауыл шаруашылығын дамыту үшін ластанған ауылшаруашылық топырағының био- және фиторемедиациялық технологиялары бойынша халықаралық конференция барысында ФАО пестицидтерді басқару жобасының жетекшісі Салтанат Баешова айтты.