Мы в Telegram
Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Күйеуін өлтіріп, Жауғаштыда жазасын өтеп жатқан әйелдердің жан сыры - видео сұхбат

Күйеуін өлтіріп, Жауғаштыда жазасын өтеп жатқан әйелдердің жан сыры - видео сұхбат

Қоғамда резонанс тудырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа үкім шықты. Өз әйелін аяусыз өлтірді деп айыпталған шенеунік 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл оқиға тек Қазақстан емес, сонымен қатар, басқа елдерді де дүр сілкіндіріп, Желіде резонанс тудырды. Отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан жыл сайын қанша әйел көз жұмады? Ал қанша әйел өзін, баласын қорғаймын деп күйеуімен арпалысып жатқанда жұбайын өлтіріп алады? Бұл - оқиғаның басқа қыры. Massaget.kz тілшісі Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі колонияда күйеулерін өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан әйелдермен сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ойраны шыққан отбасыда жанжалдың көбі классикалық түрде басталады: күйеуі ішеді, әйелін ұрады. Әйел балаларын алып, үйінен кетіп қалады. Есін жиған күйеуі кешірім сұрайды, екеуі қайта қосылады. Ұрып-соғудың себебі де бірдей - қызғаныш. Әдетте бірнеше бала тапқан әйел ішімдікке салынған күйеуін тағдыр тәлкегіне тастап кетуге қорқады. Бірде "Қалай күн көремін?" "Балаларымды қалай асыраймын?" десе, енді бірде "Мен оны жақсы көремін", "Ол әлі өзгереді" деген сенім болады.

Әрине, әйелдің көбі Құдай қосқан қосағын жамандыққа қимайды. Ал арыз жазып, полицияға берейін десе - "ұят".

Қазір қоғамда резонанс тудырған Бишімбаев ісі - медалдің бір жағы ғана.

Мassaget.kz/ Болат Айтмолда

Әйелдердің қалауы бойынша аты-жөні өзгертіліп, түрі көрсетілмейді.

Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесі қаладан 50 шақырым жерде орналасқан. Онда "Мен кете алмадым", "Балаларымның жетім өскенін қаламадым", "Абайсызда болды", "Күйеуімді жақсы көремін" деген, алайда уақытты кері қайтара алмай, шарасыз отырған әйелдер бар. Біз 2 әйелмен сұхбаттастық. Екеуінің де хикаясында ұқсас детальдар бар. Олар - арақ, қызғаныш пен өлім.

Алғашқы кейіпкер - Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, жасы 37-де. Ол Қазақстан Республикасының 99-бабы 1-бөлігі бойынша 8 жылға сотталған. 5 баланың анасы, олар қазір Бағанашылдағы балалар үйінде.

Күйеуімен 2008 жылы отбасын құрған. Оның айтуынша, күйеуі намазына берік, иманды болған. Алайда кейін араққа салынып, барынан айырылған. Тіпті басқа әйел тауып кетіп қалған. Әйел күйеуін пышақтап өлтіргені үшін сотталды. Әлі 5 жыл темір торда өткізбек.

- Оқиға қалай басталды?

- Бізде отбасылық қой. Күйеуім күнде ішіп келетін, ішкен күнде газ баллонмен арпалысатын. Бір күні, әлі есімде, ол кезде 2 бөлмелі үйде тұрдық. Оянсам, мұрныма иіс келіп жатыр. Күйеуім ішкен жерінде құлаған, газ баллон ашық қалған. Сөйтіп 2013 жылы бір өлімнен аман қалдық. Ішкен кезде есін білмей, тапқан-таянғанын араққа құртатын. "Осы менің досым" дейтін. Үйден айлап жоғалатын. Туысқандарына да айтатынмын. Кейін адам қалпына келеді де, 2-3 айдан кейін қайта бұрынғы әніне басады. Үйдегі сапалы заттың бәрін сатады. Басында бәрі жақсы болған. Ол кезде 5 уақыт намазын оқитын. Шынымен Алладан қорқатын шығар деген үміт болды. Кейін араққа салынды. Сосын қайта намазын оқитын. 2012 мен 2021 жыл аралығында қанша рет 102 шақырдым. Кейде аптасына 5-6 рет шақыратынмын. Ішіп алғаннан кейін үйдегі заттың бәрін шағатын. Бір күні кеудеме бөтелкенің сынығын тығып жіберген кезі болды", - дейді кейіпкер. Кейіпкер бұл кездері мешітте тазалықшы болып жұмыс істеген.

"Ол менің намысыма тиетін жаман сөз айтатын. Маған "Неге мешіттегі адамдар көмектесіп жүр? Мүмкін мен жоқта басқа байларың келіп жүрген шығар" дейтін.

Соңғы сөйлескеніміз есімде. Түнде келді. Аздап ішіп алған. Қолында пакеті бар. Мен "далада қонасың, ішкен соң үйге кірмей-ақ қойшы" дедім. Бір кезде қарасам, үйді айнала жүгіріп жүр. Сыртқа шықсам, "артымнан қара киінген біреу қуып жүр" деді.

Бір күні ұлым түнде әжетханаға барғысы келіп кетті. Соның қасында өрік ағашы болатын. Ұлым "мама, ағашта біреу асылып тұр" деді. Жақындап барсақ, күйеуім асылып тұр. Есіктің алдында сым қалып кеткен еді. Соны мен үйдің алдына жіп тартамын деп ойлап едім. Сөйтіп ұлым көршіні шақырып келді, мен пышақпен қиып үлгердім, алайда мойнына батып кетіпті. Сол кезде тірі қалды", - дейді ол. Кейіпкер кезекті әрі соңғы жанжалда күйеуін пышақтап өлтіріп алған. Марқұм жұбайы үйге соңғы рет келгенде бүкіл ақшасы мен алтын сақинасын ұрлап кеткенін еске алды. Сол кезде күйеуі ұрланған қаражат жұмсалғанын, ал сақинаны қазіргі сүйіктісіне сыйлағанын айтқан.

- Күйеуіңізбен неге ажыраспадыңыз?

"Ертең балаларыма не деп айтамын?" деп ойладым. Балаларымды әкесіз өсіргім келмеген. Негізі қазір ойлап отырсам, еркек бір рет қол көтерсе, бірден ажырасу керек екен. Бала-шағаға ондай тәрбиенің қажеті жоқ. Олар қанша ұрыс-керіс, төбелесті көрді. Мен олардың психологиясын өзгертіп алдым. Негізі балаларым ашық, ақкөңіл еді. Қазір үлкен қызыммен сөйлескенде кеудесінде өксік тұрады. "Анашым, бізде қазір бәрі бар. Бірақ сіз ғана жетіспейсіз" дейді. Менің сиқырлы таяғым болып, бостандыққа жетсем, еркек атаулыға жоламаспын.

Негізі таяқтың екі ұшы болады ғой. Әйел адам темір емес. Ол да біреудің мәпелеп, аялап өсірген қызы. Тамағын істейді, кірін жуады, балаларын тәрбиелейді, бірақ сонда да әйел кінәлі. Әрине, көпке топырақ шашқым келмейді. Қанша дегенімен, әйел адам нәзік қой. Қандай жағдай болмасын, "балаларымыз жыламаса, жетімдер үйінде өспесе, жетімдер санын көбейтпесе" дейміз.

Бастапқыда бәрі жақсы болды. Бірақ екінші балаға аяғым ауыр болған кезде ішіп бастады. Кейін ұрып-соғуы да қосылды. Мен ешқашан оған қарсы шықпайтынмын. Мен мүлдем үйден кетпедім. Біз жалдамалы пәтерде тұрдық. Анам ерте қайтыс болған соң, бала-шағамды алып, әкемнің үйіне барғым келмейтін. Өзімді "ажырасып кеттім" деп түсіргім келмейтін. Күйеуім 1 пакетке киімдерін жинап кетіп қалатын. Материалдық жағдайдың жетпейтініне қынжылатын да шығар деп ойлайтынмын. Бірақ оған ештеңе керек болған жоқ. "Өлсем, бәрі артымда қалады ғой" дейтін. Сол кезде көзім соқыр болған. Қазір бұл туралы көп ойлаймын ғой. Мен оған құдайымдай сенетінмін. Не десе де, жарайды деп жүретінмін. Түбі осыған әкелді", - дейді әйел.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Что случилось на Сокольнической линии: Показан "виновник" переполоха в метро Москвы

Диетологи советуют есть одно мороженое через день

Раскрытая угроза: сериал по «Звездным войнам» и возвращение «Пацанов»

Дептранс: на Сокольнической линии московского метро восстановили движение

Музыкальные новости

Концерт студии "Жерминаль"

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России

Путин поручил утвердить проект «Пять морей и озеро Байкал»

Почта России помогла детям-подопечным благотворительных фондов встретиться с футболистами ЦСКА

Новости России

Диетологи советуют есть одно мороженое через день

Путин освободил Логинова от должности замглавы Минюста России

Что случилось на Сокольнической линии: Показан "виновник" переполоха в метро Москвы

Актер Дмитрий Липинский найден мертвым в Москве

Экология в России и мире

Eleganzza весна-лето 2024

Компания ICDMC приняла участие в торжественном открытии выставки “Тульское качество”

Eurasianet: Азербайджан публично и цинично уничтожает армянское культурное и историческое наследие в Нагорном Карабахе

Конференция «Общество и психическое здоровье» прошла в Ставрополе

Спорт в России и мире

Парижские сюжеты: Медведев играл в кошки-мышки, Котов творил историю, Калинская заставляла нервничать Синнера

В России отреагировали на "скрытую баранку" и достижение Рыбакиной на Ролан Гаррос

Теннисистка Петрова: Карацеву не хватает игровой уверенности

Итальянская забастовка: Рублёв, Котов и Самсонова вылетели с «Ролан Гаррос», Потапова обыграла Ван Синьюй

Moscow.media

Доступный, летний, твой – StarLine A60 BT GSM ECO

Книжные новинки, лаборатория текста и иллюстраций — ждут гостей Московского детского фестиваля искусств «НЕБО»

Муруджинские озера

Выгодно ли покупать квартиру в новостройке?







Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *