Тәжікстанда валюта айырбастау пункттерінің жұмысына тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда валюта айырбастау пункттерінің барлығын жабады. Енді валюталық операциялар тек банкттердің қызмет көрсету орталықтарында, қаржы мекемелердің филиалдарында және несие ұйымдарының бас кеңселерінде өткізілуі тиіс, деп хабарлады «Интерфакс» республиканың Ұлттық банкінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.