Құрманғазының «Кісен ашқан» күйінің шығу тарихы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбановтың «Құрманғазы» атты кең көлемді зерттеу еңбегінде композитор күйлерінің шығу тарихына қатысты аңыздар жазылған. Оқырман назарына Құрманғазы Сағырбайұлының (1806-1879) «Кісен ашқан» күйінің шығу тарихын ұсынамыз.