Әзербайжанда мұнай плафтормасындағы өртке байланысты қаралы күн жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Каспий теңізіндегі «Гюнешли» платформасында орын алған өрт салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін қаралы күн жариялады, деп хабарлады «Trend» агенттігі «AzTV» телеарнасына сілтеме жасап.