Сенат Елбасы Жолдауын заңнамалық қамтамасыз етуге баса назар аударады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Сенат Бюросының отырысы өтіп, онда желтоқсанның онында өтетін кезекті жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Сонымен қатар, Сенат спикері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын халыққа түсіндіру мен жүзеге асыру бойынша бірқатар міндеттерді жүктеді. Бұл туралы Палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.