Батысқытайлық бизнесмендер Астанаға инвестиция салуға қызығушылық танытады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Нинся провинциясынан келген ауқымды бизнес-делегация Астана қалалық кәсіпкерлер палатасында болды. Делегация құрамында кашемир өндірісі, құрылыс және көмірсутек материалдары, дизайн, ақпараттық технология секілді салалар бойынша өңірдің 15-тен астам жетекші компания басшылары болды.