8 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауып, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген бөліктерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа-райы тұрақсыз болады, соған байланысты жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел күшейіп, тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы болады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен.