2016 жылы Қарағанды кремний зауытының жобалық қуаты 25 мың тоннаға жеткізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қарағанды кремний зауытының жобалық қуаты 25 мың тоннаға жеткізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Қылышбек Ізбасқанов мәлім етті.