«Болашақ энергиясы» форумы инновациялық дамуға айтарлықтай әсер етеді - Висенте Лоссерталес (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде «Климаттың өзгеруімен күрес және болашақ энергиясы» атты тақырыпта «Болашақ энергиясы-2015» форумы өтті. Шараны «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Назарбаев Университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.