Алматыда зағип балалардың өнер туындыларының жәрмеңкесі өтті (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда кез келген адам қаладағы арнаулы түзету мектеп-интернаттары тәрбиеленушілерінің қолөнер бұйымдарын сатып алу мүмкіндігіне ие болды.