Н. Назарбаев: Экономиканың сервистік-индустриалды моделіне үдемелі көшу маңызды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде экономиканың сервистік-индустриалды моделіне үдемелі көшу керек. Бұл туралы бүгін «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірден кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.