Тұрсынбек Қабатов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында елорда әкімдігінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқаны, халық арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтқаны үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын табыстады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.