Ләззатымның көрмеген қызықтарын бүгінгі тәуелсіз елдің жастары көрсе екен деп тілеймін - Л. Асанованың анасы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 29 жылдығына орай, «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым ету рәсімі ұйымдастырылды. Бұл шараға Алматы қаласының басшылығы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Аманжолова, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мұхтар Шаханов, композитор Хасен Қожахмет, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар және қала тұрғындары қатысты. Солардың арасында Желтоқсан оқиғасының құрбаны Ләззат Асанованың анасы Алтынай Асанова да болды. Тұла бойы тұңғышының қаны төгілген алаңға келіп, қыршын кеткен жастардың рухына бас иіп тағзым етті. Осыған орай «ҚазАқпарат» тілшісі Алтынай Қауметқызын әңгімеге тартқан еді.