Тәуелсіздік күні - қазақ халқы үшін ең ұлы мереке - Елбасының сыныптасы К. Әмірова
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған ауылы - Алматы облысындағы Үшқоңыр ауылында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиын өткен болатын. Оған Қарасай аудандық әкімдігі мен Үшқоңыр ауылдық округының өкілдері, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері, бизнес субъектілерінің өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.