Қызылордада гандболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат-Үстіміздегі жылдың 24-28 желтоқсан аралығында «Евразия» спорт кешенінде гандболдан әйелдер арасында (супер лига) Қазақстан Республикасы XXIII чемпионатының плей-офф ойындары басталады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.