Жаңа сериялы алғашқы «Прогресс МС» жүк кемесі ХҒС-қа ұшады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа сериялы алғашқы «Прогресс МС» жүк кемесі дүйсенбіде Байқоңыр ғарыш айлағынан ХҒС-қа ұшады. Бұл "Прогресс М-27М" жүк тасығыш жоғалып кеткен сәуірдегі апаттан кейінгі "Союз-2.1а" зымыран тасығышының алғашқы ұшырылымы болмақ, деп хабарлады ТАСС.