Мамандар ерте жастан әжім түсудің себебін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Каролина Университетінің ғалымдары ерте жастан әжім түсудің себептерін атады. Медицина мамандарының пікірінше, адамдар көп жағдайда өздеріне ыңғайлы матрас іздейді де, жастықты көп таңдай қоймайды. Адамның жатысының дұрыс болмауы дененің ісініп, әжім түсуіне себеп болады екен.