Орталық Азияның Еуропалық одаққа жақындау мақсаты білім беру мен адами капиталды дамыту арқылы іске асырылады - Е.Ыдырысов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Азияның Еуропалық одаққа жақындау мақсаты білім беру мен адами капиталды дамыту арқылы іске асырылады. Бұл туралы бүгін «Еуропалық Одақ - Орталық Азия» форматында сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін өткен бірлескен мәлімдемеде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.