Ақтауда Маңғыстау облысының 20 этномәдени бірлестіктері үшін «Достық үйі» ашылды (ФОТО)
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Кеше Ақтау қаласында «Достық үйі» ашылды, онда өңірдегі барлық этномәдени бірлестіктердің кеңселері орналасатын болады. Оның алқызыл лентасын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Мұрадов пен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев кесті.