Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы жылы, бұрқасынды және көктайғақ болуы болжануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атлантикалық циклон Урал аумағына ойысты. Осыған байланысты жылы атмосфералық ағын қазірдің өзінде Қазақстанның батыс облыстарын кесіп өтіп, солтүстігіне жетті. Сондықтан да температура күндіз ғана емес, түнде де жылынып, кейбір жерлерде +3º-қа жетеді, бұл нормадан 5-10º жоғары.