С.Ахметжанов ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Саян Қылышұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.