Таяудағы үш күнде Қазақстанда жылы ауа райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атлантикалық циклондар солтүстік теңіздерге ауыса отырып, арктикалық суық ауаның құрлыққа жетуіне тосқауыл болуда. Ал оңтүстік треакторияға ойысқан циклондар Атлантикадан жылы ағын мен дымқыл ауа массасын жеткізуде. Соның нәтижесінде Ресейдің еуропалық аумағында, Батыс Сібірде ғана емес, Қазақстанда да осы кезеңг тән климаттан едәуір жоғары ауа температурасы сақталуда.