Ирак және Қазақстан ынтымақтастығының келешегін оң бағалап отырмыз - ҚР-дағы Ирактың істері бойынша сенімді өкілі Юнус С. Сархан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жақын көрші елдермен және әлемнің барша өңірлеріндегі мемлекеттермен өзара тиімді конструктивті ынтымақтастыққа бағытталған саясатты жүргізуде. Агенттік тілшісіне берген сұхбатында Қазақстандағы Ирактың істері бойынша сенімді өкілі Юнус Салим Сархан екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың болашағы жайында, сондай-ақ Ирак Республикасындағы ағымдағы жағдай туралы айтып берді.