Ұлыбритания мұражайына қойылған қазақ мәсісі шетелдіктерді таңғалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания мұражайы 25-ке жуық ислам әлеміне тиесілі көне етіктерді ел назарына шығарды. Олардың ішінде 1900 жылы шебер жасалған қазақ мәсісі де бар. Қазақ мәсісінің ерекше дизайны шетелдіктерді қатты таңғалдырды, деп хабарлайды massaget.kz порталы.