Алматы әкімдігі қаланың сәулеттік-көркемдік бейнесін қалыптастыруға арналған байқау жариялады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі қаланың сәулеттік-көркемдік бейнесін қалыптастыру мақсатында бренд-бук (брендтің құндылықтары туралы нұсқаулық) жасауға ашық байқау жариялады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.