Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысында жылына 60 млн инкубациялық жұмыртқа өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды

Жамбыл облысында «Gakku Qus» ЖШС-ның асыл тұқымды құс шаруашылығына бағытталған ІІ санаттағы өндіріс орнының іргетасына капсула салу рәсімі өтті.
Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылында жүзеге асатын кәсіпорынның жалпы құны – 3,5 млрд теңге. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады: алғашқы кезеңде жылына 10 млн инкубациялық жұмыртқа өндіру жоспарланса, екінші кезеңде өндіріс қуаттылығы 60 млн данаға дейін ұлғайтылмақ.
Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев және ауыл тұрғындары қатысты.
Ербол Қарашөкеев өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аграрлық секторды дамыту, ішкі нарықты отандық өніммен толықтыру және импортқа тәуелділікті азайту негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Бұл бағытта асыл тұқымды құс шаруашылығы репродукторының маңызы ерекше.
– Әулиеата өңірі – ауыл шаруашылығы саласында қалыптасқан дәстүрі бар, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келе жатқан аймақ. Бүгінде біз өндіріс көлемін арттырумен қатар, саланың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге басымдық беріп отырмыз. Құс шаруашылығы – стратегиялық маңызы жоғары бағыттардың бірі. Бұл сала халықты қолжетімді әрі сапалы ақуыз көзімен қамтып қана қоймай, агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыруда маңызды рөл атқарады.
Аталған жобаның іске асуы өңірді сапалы тұқымдық материалмен қамтамасыз етіп, құс шаруашылығының толық өндірістік тізбегін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, өндіріс көлемін ұлғайтуға және саланың тұрақты дамуына жол ашады, – деді аймақ басшысы.
«Gakku Qus» ЖШС-ның құрылтайшысы Фарида Жүнісованың айтуынша, қазіргі таңда құс шаруашылығында тұқымдық шикізаттың 80 пайызы шетелден импортталады. Жаңа кәсіпорын осы олқылықтың орнын толтырып, өндірілетін инкубациялық жұмыртқалар отандық құс фабрикалары мен шаруашылықтарды қамтамасыз етуге әрі экспортқа шығаруға бағытталады.
Құрылыс барысында 120 адам жұмыспен қамтылса, өндіріс ошағы пайдалануға берілгеннен кейін 80-100 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 60-70 пайызы жергілікті тұрғындарға тиесілі болмақ.
Жоба 2027 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Жамбыл облысының инвестициялық қоржынында жалпы құны 5,9 трлн теңгені құрайтын 116 жоба бар. Өткен жылы 21 жоба жүзеге асырылып, 550 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал биыл жалпы құны 471 млрд теңгені құрайтын 47 жобаны іске қосу көзделуде.

Сообщение Жамбыл облысында жылына 60 млн инкубациялық жұмыртқа өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *