Алматыда Мұрат Мұтырғановтың цирк студиясы ашылды (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі цирк әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұтырғановтың цирк студиясы ашылды. Бүгін осыған орай ұйымдастырылған арнайы баспасөз мәслихатында студия директоры Мұрат Мұтырғанов жаңа білім ордасының алдына қойған мақсаттары жөнінде әңгімелеп берді.