Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп Тегеранға тағы қоқан-лоққы жасады

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қатысты жаңа қатаң ескерту жасады. Ол егер Тегеран Вашингтонмен келісімге келмесе, салдары ауыр болатынын мәлімдеді. Бұл туралы америкалық лидер француздың BFMTV телеарнасына берген телефон сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Трамптың айтуынша, ол Тегеранның ымыраға келуге дайын-дайын емесін білмейді. Алайда келісімнен бас тарту Иран билігі үшін үлкен проблемаға айналатынын атап өтті.

"Олар келісімге келе ме, жоқ па - білмеймін. Бірақ келіспесе, оларды өте қиын кезең күтіп тұр, өте қиын кезең. Олар үшін келісімге келген дұрыс", - деді АҚШ президенті.

Ақ үй басшысы келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда нақты қандай шаралар қабылдануы мүмкін екенін айтпады. Оның мәлімдемесі Иран төңірегіндегі шиеленіс әлі де басылмай тұрған және Вашингтон Тегеранның ядролық бағдарламасы мен өңірлік саясаты бойынша жаңа форматтағы келісімге қол жеткізуге тырысып жатқан тұста айтылды.
Бұған дейін CNN телеарнасы Трамптың Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуден Иран мәселесі бойынш ешқандай нәтижеcіз оралғанын хабарлаған.
Осы жағдай аясында басылым дереккөздері Трамп әкімшілігіндегі шенеуніктер бұдан әрі не істеу керек деген мәселеде ортақ пікірге келе алмай отырғанын мәлімдеді. Әсіресе Пентагон барынша қатаң әрі агрессив ұстанымды қолдайды. Ал басқалары дипломатия бағытын сақтауды жөн көреді. Кейінгі апталарда Трамптың өзі де осы нұсқаға бейім болған. Алайда түпкілікті шешім әзірге қабылданған жоқ.
Жұмада Fox News телеарнасына берген сұхбатында Трамп Вашингтон қаласа, "екі күн ішінде Иранның бүкіл инфрақұрылымын жойып жіберуге" қауқарлы екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Тегеранмен келіссөздер процесін сынға алып, Иран тарапын "сенімсіз және болжап болмайтын" мінез танытып отыр деп айыптады.

"Олар біз қалағанның бәрін беруге дайын болды, бірақ әр жолы уағдаластыққа қол жеткізгеннен кейін, келесі күні бұл әңгіме мүлдем болмағандай кейіп танытады. Мұндай жағдай, бәлкім, бес рет қайталанған шығар. Оларда бір гәп бар", - деді Трамп.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *