Тоқаев Путинмен, Мирзиёевпен, Әлиевпен және Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz "Ақордаға" сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен, Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті", - делінген хабарламада.
Шет мемлекеттер басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметі одан әрі табысты болуына тілектестіктерін білдірді.
Сонымен қатар, тараптар екіжақты және сан қырлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.