Астанадағы ірі өрт видеоға түсіп қалды
Астананың Сарыарқа ауданында екі қабатты ғимарат өртенді. Будақтаған қара түтін видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жайылма көшесіндегі үйден шыққан өрт жоғары дәреже бойынша сөндіріліп жатыр.Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан өрт шыққан аудан көгінде будақтаған қара түтін көрінеді.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ашық жалын болды. Өрт өршіген. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - деп хабарлады ТЖМ.
Ғимарат шатырын от шарпыды.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылды.
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін Астанадағы тоғыз қабатты тұрғын үйден шыққан өрт видеоға түсіп қалған болатын. Өрт алтыншы қабаттағы балконнан басталып, жоғарғы қабаттарға ауысқан.