Қазақстанда мектеп бітіру емтихандары қашан басталады?
Қазақстанда 9-шы және 11-ші сыныптар үшін 2025/2026 оқу жылындағы қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның біреуі ауызша форматта өткізіледі.
Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсырудың салтанатты рәсімі білім беру ұйымдарында 17–18 маусымда өтеді.
Аттестаттарды тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде және ата-аналар комитетімен келісім бойынша мектеп ғимаратында өткізіледі.
Бұған дейін полиция соңғы қоңырау қарсаңында түлектердің ата-аналары мен мұғалімдеріне үндеу жасады.