Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жетісу облысында аю іздестіріліп жатыр: мамандар жалған ақпарат таратпауға шақырды

Жетісу облысында Сарыөзек ауылына кіріп кеткен аюды іздеу жұмыстары екінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Осы уақытта әлеуметтік желілерде өлтірілген аюдың суреті тарады, ал жергілікті билік бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды тілшіTengrinews.kz.
Ауыл ішінде жүрген аюдың видеосын жергілікті тұрғындардың бірі әлеуметтік желіге жүктеген. Кадрдан ер адамның көлікпен жануардың соңынан ергенін көруге болады. Алайда аю тар көшелердің біріне кіріп, көзден таса болған.
Жергілікті билік видеоның рас екенін растап, жануарды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.
Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Кертаев Айдос (@krisp.tdk) жарияланымы


Ауыл тұрғындарынан дүрбелеңге салынбай, аюды табуға көмектесу сұралды. Іздеу жұмыстары қас қарайғанша жүргізілгенімен, әзірге нәтиже болмаған.
Жетісудағы аудан орталықтарының біріне қонжық кезіп келді
Осы уақытта әлеуметтік желілерде өлтірілген аюдың суреті тарай бастады. Кербұлақ ауданы әкімдігі бұл фотолардың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Өлтірілген аюдың суреті туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл кескін жасанды интеллект көмегімен жасалған. Қазір жануарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", — делінген Кербұлақ ауданы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Жануарды табиғатты қорғау полициясы мен ТЖД қызметкерлері, орман шаруашылығы, әкімдік және ветеринариялық қызмет мамандары іздеп жатыр.
Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі Мәди Шәкеновтің мәліметінше, іздеу жұмыстары тағы бірнеше күнге созылады.

"Егер аю табылмаса, ол өз еркімен табиғи ортасына оралды деп есептеледі. Тұрғындардан түрлі болжам таратпай, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Іздеу нәтижелері туралы азаматтарға міндетті түрде хабарланады", — деді Мәди Шәкенов.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Жетісу облысында Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында аю қонақ үй үйшігіне кірмек болған. Нәтижесінде жыртқыш ішке кіруге тырысып, болат есікті темір есікті жұқа қаңылтырдай майыстырып тастаған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *