Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда тағы екі жоғары оқу орны лицензиясынан айырылуы мүмкін

Қазақстанда кейінгі жылдары үш университеттің лицензиясы қайтарып алынды. Қазір тағы екеуі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте журналистер министрден ведомствоның Қазақстандағы жоғары білім сапасын қалай бағалайтынын және кейінгі жылдары білім сапасының төмендігіне байланысты қанша жоғары оқу орны лицензиясынан айырылғанын немесе жабылғанын сұрады.
Саясат Нұрбектің айтуынша, кейінгі жылдары 3 университеттің лицензиясы қайтарылған.

"Тағы бірнеше университет бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде қазіргі уақытта екі университет бойынша жұмыстар атқарылып жатыр", - деді министр.

Бұл ретте Нұрбек нақты жоғары оқу орындарын атамады.

"Өткен брифингте де айтқан болатынмын: нақты университетті атаңыздар, бірақ өте жауапты болайық. Өйткені мәселе қазір оқуын жалғастырып жатқан жүздеген мың студент туралы болып отыр. Егер мен түпкілікті шешім қабылданғанға дейін қандай да бір процедуралық жайттарды жария ете бастасам, бұл студенттерге әсер етуі мүмкін", - деп атап өтті ол.

Министр ақпарат шешімдер қабылданғаннан кейін жарияланатынын қосып өтті.
Мән-жайы
Бұған дейін Саясат Нұрбек 2 жылда бакалавр дипломын береміз деп уәде еткен "блогерлер университеті" қызметіне қатысты пікір білдірген болатын. Ол кезде министр бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін министрліктің тиісті комитетінен лицензия, сондай-ақ аккредитация алу қажет екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, аталған "университетке" министрлік лицензия бермеген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *