Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы облысында 29 жастағы ер адамның денесі табылды: әріптестері күдікке ілінді

Алматы облысында демалыс орындарының біріне жақын маңнан 29 жастағы ер адамның денесі табылды. Оқиғаға қатысты марқұмның әріптестері күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның жоғалып кеткені туралы жазба тараған еді.

"Бауырымызды өлтіріп кетті. 2026 жылғы 23 мамырда бауырымыз жұмысқа кетіп, үйге оралмады. Біз оны бірнеше күн бойы іздедік", – делінген жазбада.

Қазір бұл жарияланым танымал әлеуметтік желілердің бірінде қолжетімсіз.
Полиция не дейді
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 мамырда Ұйғыр аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданған. Ол жұмысқа кеткеннен кейін байланысқа шықпай қалған 29 жастағы ұлын іздеуге көмек сұраған.
Іздестіру және жедел шаралар барысында полиция жас жігіттің денесін өзі жұмыс істеген демалыс орнының маңынан тапты.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам әріптестерімен бірге ішімдік ішкеннен кейін араларында жанжал шыққан. Салдарынан жәбірленуші дене жарақаттарын алған. Кісі өлтіру және қылмысты жасыру деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іс бойынша қанша күдікті бар?
Полиция екі күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті процестік әрекеттер жүргізіп жатыр.
Істе тағы бір адамның да аты аталады. Құқық қорғау органдары оның бұл оқиғаға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

"Сол компанияда болған үшінші ер адамға қатысты процестік шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады", – деп хабарлады полиция департаменті.

Еске салайық, бұған дейін де әлеуметтік желіде Алматы облысында жас жігіттің өлімі туралы ақпарат тараған еді. Жазба авторының айтуынша, 11 мамырда інісін бірге бизнес ашқан досы соққыға жыққан. Жанжал жұмыс күніндегі түсімге байланысты туындағаны айтылған. Алматы облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *