Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Ұлттық статистика бюросы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын айтты. Ведомство сайтында ресми статистикалық деректері бар электронды кесте жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 562 993 адам (1 сәуірде – 20 547 909 адам) тұрды. Жыл басынан бері халық саны 63 171 адамға өсті.Қазақстандықтардың басым бөлігі - 13 153 726 адам - қалаларда тұрады. Ең тығыз қоныстанған мегаполис ретінде Алматы қаласы қалып отыр - мұнда 2 362 463 адам тұрады.1 миллионнан астам адам Астана (1 668 750 адам) және Шымкентте (1 305 620 адам) қалаларында тұрады.
Халқының саны миллионнан асатын облыстар:
Түркістан облысы - 2 146 817 адам;
Алматы облысы - 1 609 784 адам;
Жамбыл облысы - 1 214 040 адам;Қарағанды облысы - 1 131 090 адам.
Халқы ең аз облыстар:
Ұлытау облысы - 218 251 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы - 512 702 адам;
Абай облысы - 593 892 адам.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны қанша екенін жариялаған болатын.